Блогкемп байқауына. Мәтін бөліміне.
Былтыр дәл осы уақыттарда «Блогкемпте не істейм», "Қалай өтеді" деп, қорқып, сасқалақтап жүргенім есімде. Дәл осы уақыт.
Блогкемп мен ойлағаннан да керемет өтті. Қаншама адамдармен таныстым, қаншама дос таптым…
Содан бері тура бір жыл өтіпті. Бұл жолы басқаша сезімдемін. «Блогкемп таныстырған, табыстырған достарыммен қауышамын» деген қуанышты езім.
Ия, блогкемптің арқасында көптеген достар таптым. Бала күнімнен бірге өскен құрбыларымның өзі қызғанып қалады кейде)). Достығымыз мәңгілік болғай!
Сол достарыммен алғаш танысқан кез есіме түсіп кетті...
Керекинфоға келуіме себепкер болған
Аршат еді. Виртуалда қатал, ұрса беретін ағай боп көрінетін. Кездескенде сөзбен жер-жебіріңе жетіп, кекетіп тұрады деп ойлайтынмын. Сөйтсем, өмірде өте сабырлы, маң-маң басқан жігіт екен

. Ұрсып сөйлемейтін, сыпайы адам боп шықты.